Өлең, жыр, ақындар

Ешман әулие ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1511
Кел, кел бері ақын ұлым жақында,
Мен жатырмын Басшы бабаң жұртында.
Көз салып тұр торғай шықса қабірден,
Рухыменен сырласуға тартынба.
Мен есейдім Сұпы атаңнан бата алып,
Туған жердің көріпкелі атанып.
Тылсым жұмбақ дүниенің сырларын,
Сезінген соң ел жұртыма ақтарып.
Алла берген киесімен олжаның,
Алда болар құбылысты болжадым.
Жамандықты алдын-ала ескертіп,
Жақсылықты хабаршы боп қолға алдым.
Сиқыр сазды мынау ғажап ғаламда,
Жер анасы дем берген ғой адамға.
Иман болып өмір бойы серігім,
Қызықпадым дүниеге жалғанда.
Болсам дағы мен ешкімге жазықсыз,
Жала жауып жүрегіме салып сыз.
Тыңшысы-деп, елде жүрген Жапонның,
Қамағаны соттамай-ақ жарлықсыз.
Зар жылатты еңіретті анамды,
Қызыл дауыл ойрандаған даламды.
Шырылдатып сәбилерді жылатып,
Отқа салды қасиетті Құранды!
Жоқтық қысып туысқанды жек-жатты,
Көңілді шер, екі көзді қан жапты.
Бас көтерсек еркіндікке қол созып,
Басқыншылар төкті әкеліп солдатты.
Үзім нансыз жаттық аштан бұралып,
Тірілей-ақ талап жатты албасты!
Тәркіленіп мал мен мүлкі халықтың,
Қуғын сүргін түрін көріп аштықтың.
Екі миллион адам жаны үзіліп,
Туған елді қасіретпен басты мұң.
Даналарым түрмелерге қамалып,
Жылан шақты тамырынан қан алып.
Тілім, дінім қос қанатым қырқылды,
Зомбылықтың шырмауына оралып.
Балта шауып түп тамырға дем берген,
Аластатты мұсылмандық үндерден.
«Прорва Лаг» қамал соғып іргеден,
Айналған соң қанды базар түрмеге,
Құшағында күнде қырғын кісі өлген.
Езгіледі отарлаумен кеңесім,
Жер менікі, мал менікі демессің.
Итпен құсқа нар халқымды жем қылып,
Түгел тегіс жүріп жатты конфискің!
Босты халық тым тырақай жан-жаққа,
Шыдай алмай жаныштанған азапқа.
Ауған менен Түрік Иран, Қытайым,
Пана болды қиналғанда қазаққа.
Серпуге де мүмкін болмай тұяқты,
Туған елде қызыл өзен қан ақты.
Бір ауыз сөз қанішерге айтылса,
Күтіп тұрды түсі суық абақты.
Мұң кетпеді сор кетпеді даламнан,
Бәрін қызыл империя тонаған.
Ұрпағына өз бабасын жау қылып,
Мазақ қылып саясатпен қорлаған.
Көрсем дағы бар азабын құзғынның,
Ар намысты өмір бойы ту қылдым.
Білдірмедім аштығымды көкжалдай,
Жоғалтпадым жан бабамның ар үнін!
Айнымастан ақиқат ер сезімнен,
Кек қайтарып қас жауымнан төзіммен.
Қарақшымен жолбарысша алыстым,
Келер ұрпақ үміт күтіп өзіңнен!
Аз да болса айтым ашық ойымды,
Шындық сүйер жігітсің ғой айбынды.
Тәңір өзі бақыт беріп таусылмас,
Көрсетпесін менің көрген қайғымды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылойдан шыққан Сусанин

  • 0
  • 0

Жанталасып жатыр жау,
Жоспары күллі көкке ұшып.
Ұясы қанды тарылды – ау,
Келеді шарпып,от кешіп.

Толық

Соғыстың алғашқы күні

  • 0
  • 0

Таң жаңа қылаңытқан мезгіл еді,
Сағат төрт – жау сұмдығын сездіргені.
Ұйқыда тыныш жатқан заставаны,
Зеңбірек оғыменен езгіледі.

Толық

Хазар патшасы туралы ой

  • 0
  • 0

Табиғаттан тауып әсем жарасым,
Құт дарытып Қызыр кезген жағасын.
Аңыз болған сұлулығы әлемге,
Мекен еткен екі теңіз арасын.

Толық

Қарап көріңіз