Қырқа бар – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Қырқа бар» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қырқа бар Алматының шығысында,
Жатыр сонда жақының, туысың да.
Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек,
Қайтіп жатыр аядай қуысында?!
Өмірді кереметтей жыр қылсақ та,
Кейімесек дауаң жоқ бұл бір шақта.
Біраз күн алдандырып, ауыстырар
Адамды бір құрсақтан бір құрсаққа.
Қырқа бар Алатаудың бауырында,
Сонда жатыр жолдасың, бауырың да.
Апыр-ай, келем бе деп тағы мұнда,
Жөнелер қаның тасып тамырыңда.
Еріксіз Алматының қырына бұл,
Келмесіңе болмайды жылына бір.
Келмесіңе қоймайды.
Кеткендердің бірі - әкең, бірі - шешең, бірі - бауыр.
Бәрі жатыр - сырласың, құрдасың да,
Құдай-ау, құрту ушін туғасың да,
Қуанар ем, осы бір қу қырқаға
Бір-ақ рет оралсам бір ғасырда.


Пікірлер (2)

Нұрсаян

Мұқағали атамыздың өлеңі ұнады мысалы:қырқа бар

Сара

Мұқағали Мақатаевтың Қырқа бар өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырқа бар өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Қырқа бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырқа бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырқа бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері