Өлең, жыр, ақындар

Заманбек

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1838
Даналардың ұлағатын ұғып кеңдікпен,
Сіресіп қалған сеңдерді бұзып өрлікпен.
Алты Алашты шақырған қайта ерлікке,
Ер еді ол аянбастан тер төккен.
Көсемде еді батырлықпен көш бастар,
Еркіндік сүйген ел жұртты қолдар елдікпен.!
Болаттай берік ата-баба салтына,
Ертеңін ойлап қызмет қылған халқына.
Сол барыстай тарпаң мінез қайсар ұл,
Тап болғаны зілзала соққан толқынға.
Зиялы қауым болғандай бәрі тас керең,
Бұлыңғыр шақта ел ішінен қашты ірең.
Запыран жұтып жалғыздықты да көрді ол,
Өз қандасы ұрғандай қара таспенен.
Құба жаққа бұрылған жолын сан бөгеп,
Тағдыры қатал сын шақтарда салды әлек.
Тынбады бірақ әділдіктің үнінен,
Алатаудай айбатыменен күркіреп.
Қан қасап кешіп әділдіктің таңы үшін,
Жоғалтпастан ар-иманын намысын,
Соңғы демі біткенінше алысты ол,
Сақтамаққа еліме қонған бақ құсын.
Ұлтымның өзі Рухтан соғар қамалы,
Адалдық еді, әділдік еді арманы.
Бірақта әттең қарақшы түнді жамылып,
Айламен атып сый қылды азап ажалды.
Ақылмен ойға таразылай білсең сараптап,
Туған ұлтсыз кімдерге қажет дара бақ.
Ұлпадай жаны ақша бұлттарға айналып,
Алматысын қимай көгінен жылжып жүр қарап.
Қолымен басып оқ тиген қанды жараны,
Айтады кейде сағыныш толы мұңды әнді.
Есінен кетпей қызғалдақ гүлі нәп-нәзік,
Күрсініп ауық көз жасын сығып алады.
Өтті ғой өмір жұлыздай аққан жарқырап,
Жан жары қалған көктемде атқан таңдай-ақ.
Сақталған бәрі ұмтылмастай жадында,
Көз алдында бабалар жаққан шамшырақ.
Сезімтал болсаң жаңғыртырған тау ішін,
Нажағайлардан естисің оның дауысын:.
«Нұрқаділұлы Заманбек атты ұлың ем,
Көтерші басты бауырмал қазақ туысым.
Көріп ең талай сұрапыл жылдар бейнетті,
Тұрмысың құлдық өртеген от боп өзекті.
Сол сұмдық тағы аждаһа боп жетердей,
Бақытың үшін сілкінетін бірге кез жетті.
Ойлан, ойлан әруақтарды сыйласаң
Мен өзіңе адал ұлмын сыр ашқан.
Өкінерсің у ішерсің кеш қалып,
Әділетсіздікке жұмыла қарсы тұрмасаң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүйсеке ата үні

  • 0
  • 0

Мынау мешіт ұрпақ үшін салғанбыз,
Құшағында ғалымдардан қалған із.
Талай сансыз қарылғаштар ұшты одан,
Болмау үшін болашақта қорғансыз.

Толық

Жылойдан шыққан Сусанин

  • 0
  • 0

Жанталасып жатыр жау,
Жоспары күллі көкке ұшып.
Ұясы қанды тарылды – ау,
Келеді шарпып,от кешіп.

Толық

Бабалар салған жолменен

  • 0
  • 0

Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,

Толық

Қарап көріңіз