Ағаға айтылмаған сыр

Бұл бетте «Ағаға айтылмаған сыр» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3881
Кешір, кешір,
Ағажан, кешір мені,
Еске түстің Күнімді өшіргелі.
Кешір, сенің алдыңда кінәлімін,
Басқалардан болсам да көш ілгері.

Махаббат-ай,
Жастық-ай алақашпа,
Адам деген байыптап қарамас па?!
Ерегесіп бір ару сүймеді деп,
Ажалыңмен көрістің дар ағашта...

Өз-өзіңе қыз үшін кекті болып,
Дар алдында күйініп, кеттің өліп.
Бірақ...
Сені түсінген ол болды ма,
Тұрмыс құрды басқаны епті көріп.

Байлам жасап Мәжнүндер жайында оңай,
Ұқпадым ба мен сенің ойыңды ағай.
Ғашықтар бар, махаббат бар дегенді,
Жүрдім сол кез әйтеуір мойындамай...

Сырғып күндер көп өтті, сырғып апта,
Түсерімді ойламай бір күні отқа.
Серуендедім бір қызбен қол ұстасып,
Сендер жүрген бір кезгі түнгі бақта.

Жүрген кезде жаңа бір жолға асығып,
Орта жолда сүріндік,
«Арба сынып».
Сонда ғана түсіндім, аға, сені,
Қалғым келді менің де дарға асылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаға айтылмаған сыр өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Ағаға айтылмаған сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаға айтылмаған сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаға айтылмаған сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері