Эпиграмма – Табылды Досымов

Бұл бетте «Эпиграмма» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2358
(Қ. Жылқышиевке)

Ақпа ақын, әз журналист Қойшығұлды
Қылжақтап құрдастары «тойшы» қылды.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Қоятын сондай қылып ойшыл ұлды.

Жарқылдаған жырымен мұңдарды үгіп,
Жүректерді жіберер нұрландырып.
Тамашасыз,думансыз жүруші ме ед,
«Тамашадай» думанды құрған жігіт.

Ей, Қойшеке, жабықсаң – қайран жырсың.
Еркіндікке шыққан соң «тойлап» жүрсің.
Төрт жарым жыл «тозаққа» түспегендер,
Бостандықтың бағасын қайдан білсін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері