Шаниге

Бұл бетте «Шаниге» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1837
Бір кезде балауса едің сен гүл ашқан,
Деміңнен жан сүйсінте жұпар шашқан,
Аз-ақ күн көрмегелі өтті, Шани,
Қалайша жүзің солып, сұрың қашқан.
Не ғажап сенің мұнша кемуіңде,
Күл болып жансыз, сұрсыз кебуіңде,
Қанша сен жаратқанға жазықтысың,
Кегі бар кешірмейтін кімнің сенде?
Кімнің сен бермей кеттің малын ұрлап,
Кімнің сен қанын іштің, жанын ұрлап.
Табиғат саған куә болды ма екен,
Біреудің сүйгенінде, жарын ұрлап?
Шықты екен қандай ұрлық, қай қылмысың,
Етті екен не себепті мұнша қысым.
Тартқаның қандай жаза, қай орында,
Қан кетіп бұзылғандай мұнша түсің.
Көзіңнің қайда кеткен қарақаты,
Лебіңнің у болғандай бал ләззаты,
Құлпырған қызыл гүлдей екі беттен
Нұр семіп, өшкен жанның рахаты.
Келтірген соның бәрін теңдік арман,
Айрылған өктем күшпен сүйген жардан,
Ғұрыптың құдіретіне душар болып,
Өмірден сыбағаң сол күшпен алған.
Па, шіркін, ерік тисе өз қолыңа,
Аттансаң жайраң қағып өз жолыңа,
Өктем күш, ескі әдет күл-талқан боп,
Күйрейтін күн туар ма күң торына.

1916


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаниге өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Шаниге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаниге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаниге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері