Өтеді күндер – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Өтеді күндер» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3241
Бір көктемде қолыма алып,
Иіскеп ем бір жас гүлді.
Жұпар исі мұрын жарып,
Балбырады гүл біртүрлі.
Қалдым гүлден мен көз жазып,
Қайда түсті қалай қурап...
Іштен ойлап жүрдім азып,
Сағыныштың дертіне улап.
Өтті жылдар, өтті күндер,
Ере бердім мен артынан,
Уақытқа әрең ерді гүлдер.
Бөгелтпеді бос тартынған.
Ойда жоқта сол бір гүлді,
Көрдім өмір сүрлеуінен.
Ойыма алып өткен күнді,
Кеттім сүңгіп ойға терең.

1938


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтеді күндер өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Өтеді күндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтеді күндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтеді күндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері