Жүрек – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Жүрек» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1720
Суылдап жел, шулап орман
Күңіренгендей айнала.
Қарт күзетші күтеді таң,
Тұр тұнжырап сай-сала.
Күткен қартқа күдікті бір,
Келді қаптап жат дыбыс.
Қартты ұстады, айтқызбақ сыр,
Жетті ұрланып топ неміс.
Қартта "тіл жоқ", күтті офицер,
Сұрайтыны партизан.
Қарт па қажып сырын берер,
Сырынан да оңай жан.
Ажалды әкеп көз алдына,
Қарттан күтті жауы сыр.
Толған жүрек кек жалынға,
Қартта "тіл жоқ", я қыбыр.
Қалың орман, қаракөк түн,
Қырым тауын сүйген қарт,
Туған елін сүйгені үшін,
Жанды отқа жалындап.
Туған жерді, туған елді,
Сүйсең сонау қартша сүй,
Тісте ерніңді, шыда өлімге,
Сырды берме, жанды қи!

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері