Бала қыран – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Бала қыран» атты Сапарғали Бегалин жазған бала туралы өлең берілген.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 3622
Бала қыран талпынды,
Көктің төсін құшуға.
Қомдап қанат алқынды,
Құмартады бір ұшуға.
Әсем аспан астын кезіп,
Сермеп кербез қанатын.
Өр тәкаппар қияға ұшып,
Алам деп өз тоятын.
Жіберді де бір шаңқылдап,
Қарады үнсіз аспанға.
Шеңгелімен түлкі алқымдап
Түскендей бір қашқанда.

1944


Пікірлер (1)

Алина

❤️❤️❤️❤️

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері