Мейізек – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Мейізек» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1631
Заулап желеді қос күрең ат,
Мен келемін батып ойға,
Туған жерді сүйе қарап,
Сыр пернесін шерткен бойда.
Жол жағасы толықсиды,
Піскен егін желге ырғалып.
Жерді танып ой шалқиды,
Билеп қиял кетеді алып.
Мынау жайлау бір кездегі
Даумен жайлап, шумен көшкен.
Жазда жанжал, күз келгенде,
Елсіз меңіреу дыбысы өшкен.
Мынау, жайлау Мейзек еді,
Кім абайлап сырын сезген,
Ел еңбексіз бір кез еді,
Көшіп желдеп аңша кезген.
Бүгін Мейзек кен қоймасы,
Жаңа бес жыл кілтін ашқан.
Егіс болып айналасы,
Дала бейне маржан шашқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейізек өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Мейізек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейізек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейізек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері