Абай әні – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Абай әні» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3308
Сазарған дала,
Ел бір жас бала,
Ертеңінен хабарсыз.
Сондай бір күнде —
Күн емес түнде,
Жасадың өмір амалсыз.
Алысып қалың наданмен,
Қарысып қатал заманмен.
Қиналса жаның,
Уланса қанын,
Тапқан дауаң ән мен жыр.
Наданды жерлеп,
"Адам" деп, "ел" деп,
Күңіреніп күйіп айттың сыр.
Ұғынған халқың сырыңды,
Жаттады асыл жырынды.
Оянып дала, Есейіп бала,
Арманына ел жетті.
Жазылып жара,
Жетіліп сана,
Адамдық, ғылым ер жетті,
Жүрегіндесің халықтың,
Төріндесің тарихтың.

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері