Көшер ме тұман серпіліп – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Көшер ме тұман серпіліп» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 2650
Түнеріп түндей томсарған
Көшер ме тұман серпіле,
Аспанның асты нұр жайнап,
Күн кірер ме көркіне.
Сағым басып, сарылған
Қай күйде екен сары бел?
Қабағы қатқан алыста
Қай күйде екен қайғылы ел?
Тағдырмен адам кектесіп,
Қаптаған соң көзді шел.
Тай-таласта тапталып,
Қор болды-ау бейуаз момын ел.

1916.


Пікірлер (1)

Сәкен

Маған өте қатты ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері