Бұл бетте «Ана» атты Сапарғали Бегалин жазған ана туралы өлең берілген.
Күйбеңдеп қоңыр үйінде,
Жөргекте ұлан өсірдің,
Талпынып ұлан күлгенде,
Масайрап сен де есілдің,
Ер жетті ұлан есейіп,
Тыным көрмей күйбеңдеп,
Қабыдың шапан, тері илеп,
Он саусағың сүйреңдеп,
Аттанды ұлан жорыққа,
Азығын жолға сайладың,
"Шаруаңды ойлап қамықпа", -
Дедің де белді байладың.
Жолын күттің ұланның,
Келеді қашан ұлым деп,
Оралды аман шырағың,
Алдынан шықтың күлімдеп.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі