Келешекті ал ойыңа
Бұл бетте «Келешекті ал ойыңа» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірге сай өрт талап,
Серік болып жасында,
Қандай өнер сен қалап,
Алам десең қасында.
Ғылым алсаң мектеп бар,
Өнер қусаң өндір іс,
Жас шағында өктеп қал,
Бойға қорлық бос жүріс.
Мұны ұқпаған жас бар ма,
Талаптанып, талпынбас,
Заман мектеп жастарға,
Үйретпей бос қалдырмас.
Алмасына жол бермес,
Алдырады ар-намыс.
Алман деген ой келмес
Айнала өмір ду жарыс.
Жарыста артта шаң жұтып,
Қалу қорлық бойыңа,
Қарышта өрге ар тұтып,
Келешекті ал ойыңа.
1949
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі