Көктем – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Көктем» атты Сапарғали Бегалин жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2469
Көңілді көкке өрлетіп көктем жыры,
Көл шалқып көк майса боп ой мен қыры,
Сылаңдап сылқ-сылқ күліп сайда бұлақ,
Мал мен жан масайраған жазғытұры.
А-а-ай шіркін-ай, жазғы тұры.
Мыңғырып сай-салаға мал өргенде,
Мамырлап көл еркесі қаз келгенде,
Керілген кең өлкемде келісті өмір,
Сайраңдап салған егін жасыл белде.
А-а-ай шіркін-ай, жасыл белде.
Елімнің сүйіктісі — Еңбек Ері,
Ексең дән, өргізсең мал бақыт кені,
Жарқылдап жазбен бірге шықсаң қырға,
Жанымдай жақсы көріп сүйем сені.
А-а-ай шіркін-ай, сүйем сені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері