Кел, ойнайық, кел, лау-лау – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Кел, ойнайық, кел, лау-лау» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1797
Сендер де алтау, біз де алтау,
Одақ боп костер басында,
Кел, ойналық, кел, лау - лау
Түнде лагер қасында.
Ал, билейік от айнала,
Қол ұстасып дөңгелеп.
Гүлге оранған сай мен сала,
Айнала орман көк желек.
Кеттік ойнап, кеттік дулап,
Бер қолыңды, кел, ұста.
Жансын костер жалын лаулап,
Шалқып сәуле алысқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері