Өмірімнің нұры сынды гүл өлең – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Өмірімнің нұры сынды гүл өлең» атты Гүлманат Әуелхан жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1027
Өмірімнің нұры сынды гүл өлең,
Мен өзіңсіз қалай өмір сүрер ем.
Сен кеудемнен төгілгенде маржан боп,
Күй кешемін бір ерен.

Мені сенен бөле алмайды ешкімде,
Жанарымның оты мейлі өшкінде.
Талқан етем кедергінің барлығын,
Айналып бір көшкінге.

Көктеменің гүлі сынды құлпырған,
Жүрегімді қайда қоям жыр тұнған.
Айлы түнде көп қараймын аспанға,
Жүрегіммен мұң тұнған.

Таңымда атар шолпан туып сызылып,
Сағыныштың әуеніндей үзіліп.
Мені ешқашан адастырмас арманым,
Алдамайды құз үміт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері