Тірліктің тілер түнегін – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Тірліктің тілер түнегін» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Тірліктің тілер түнегін,
Қайраты қайда жүректің.
Даламның әсем гүлі едім,
Жанымды неге мұң өптің.

Қызарып батқан күн сынды,
Жанымның солғын жалыны.
Жұлдызсыз соқыр түн сынды,
Кеудемде қобыз сарыны.

Кімдерден медет күтемін,
Меңдетті нала тағыда.
Белгісіз кімді күтемін,
Арқамды тосып жауынға.

Бақытқа құштар жүрекпен,
Балауса мұңды кешкенмін.
Даламда көркем нұр өпкен,
Ақша бұлт болып көшкенмін.

Аспаннан іздеп бағымды,
Аспаққа барып асылғам.
Тағдырға теліп таңымды,
Шуақ боп көктен шашылғам…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері