Көктемнің аппақ жаңбыры – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Көктемнің аппақ жаңбыры» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Көктемнің аппақ жаңбыры,
Құйып тұрды сіркіреп.
Таңдардың ғажап тағдыры,
Көзіме жасым іркілет.

Не силар екен алда күн,
Тек тәңір ғана біледі.
Адасқан іздер арманын,
Ақынның аспан жүрегі.

Сағыныш мұңын арқалап,
Өтерміз бәлкім бәріміз.
Ай туса бірде шалқалап,
Сарғайтар жанды әлі күз…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері