Бесік жыры – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Бесік жыры» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 1
  • 14694
Әлди - ау, әлди - ай,
Әлди де бөпем әлди - әй.
Ұйықтай ғой, бөбек, ұйықтай ғой,
Балбырап балқып, қалқатай.
Ұйықта, бөбек, көріп түс,
Өмірге сайлы жинап күш.
Балғын бол, бөпем, батыр бол,
Өс, бөбегім, өс, өс!
Өсерсің бөпем ержетіп,
Өсірер өмір тербетіп.
Ұшырар өмір шыңына
Қияға қанат серметіп.
Арыстан сынды айбатты,
Алып та болар ма екенсің.
Ақылы теңіз данышпан
Ғалым да болар ма екенсің.
Толқыны тулап көкке атқан,
Теңізді кешер ме екенсің,
Ұйықтаған шынды оятып,
Аспанда ұшар ма екенсің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айгерім

Басқа қысқа жаттау жоқпа?

Осы автордың басқа өлеңдері