Өкінбеймін
Бұл бетте «Өкінбеймін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 16
- 152005
Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,
Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.
Қыранның құдіретін қимасаңдар,
Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.
Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,
Қашан атып алғанша құламаймын.
Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,
Жанарымда жайнаған тұнады айдын.
Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын,
Сыңсыған ну орманмен сырласамын.
Қарауылға ілексем, ілігейін,
Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.
Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,
Өткен өшті.
Енді оған қайрылмаймын.
Қыран да, құралай да болмақ емен,
Атымнан адам қойған айрылмаймын.
...Арпалысып жүргенде өмірменен,
Қай-қайдаға әкетпес көңіл деген.
Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.
Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!
Жыламаймын, сондықтан көңілденем.
Мұқағали Мақатаев менің сүйікті ақыным
Дін ғылымның атасы деп жырлаған
Мұқағали ақылсыз емес еді
Ақындардың ішіндегі ұнататын ақыным
Өте керемет өлең екен.Оқығанда керемет әсер алдым.
Жақсы тақпақ екен Мұқағали Мақатаевтен асқан ақын жоқ
Өте керемет әсер қалдырады
мукағали макатаев өте керемет өлендерді жазатын акындардын бірі
муқағали мақатаев казак поэзиясында шоктығы биік аса дарынды акын , мен ол акыннын кітаптарындағы өлендерін сүйсініп окимын ,онын өлендерінде сөздін сұлулығы мен ойдын аскактығы астасып , үйлесіп турады,
Маған Мұқағала Мақатаев өте қатты ұнайды .
Өте керемет Мұқағали Мақатаев менің сүйікті ақыным мен сайысқа қатысқалы жатырмын сол сайыста осы өлеңді оқымақпын егер орын алсам айтамын
маган катты унап калды олени
Маған Мұқағала Мақатаев өте қатты ұнайды
Керемет
Ммммммм өкінбей ақ қой
өте керемет магыналы өлен
«Өкінбеймін» — Мұқағали Мақатаевтың жүрекке әсер ететін, өмірде кездесетін қиындықтарға қарамастан ішкі тұтастықты сақтаудың маңызын көрсететін өлеңі. Бұл шығарма мені аңғал сезім мен рухани күштің үйлесімі туралы ойландырды. Осындай поэзияны bilim‑all.kz сайтынан оқып, қазақ әдебиетінің тереңіне бойладым.