Өлең, жыр, ақындар

Достық жыры

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 15381
(Батыс Қазақстан комсомолдарына)

Мен білмеймін шекарасын
Солтүстік пен түстіктің.
Мен білмеймін шекарасын
Жолдастық пен достықтың.
Сеніменен саясатта
Тетелеспін, құрдаспын,
Мүмкін, содан достықта да
Жеке өмір құрмаспын.
Сен шөлдесең ішетұғын
Достың суы - қаным бар.
Жүрегімде сен деп соғар
Бір өзгеше тамыр бар.
Сол тамырдың соғуымен
Жырлар жырлап берейін.
Сол тамырдың соғуымен
Өмірді өлшеп көрейін.
Қызып қаным, тамыр соғады
Құлағың сал жолдасым,
Бірге есіп, қатар тұрған
Октябрлық құрдасым.
Міне, бүгін ұлы күні
Сараң жырды арнаймын,
Күрестерге жолдастарға
Сәлемімді жолдаймын.
Мен білемін майдандарда
Тынбай алға тартасың.
Мен жаяйын алдыңа әкеп
Өткен күннің картасын.
Сен де, мен де жас бала боп
Жүрген күнде «қысқа етек»
Комсомолдың етегінен
Екеуміз де ұстап ек.
Міне бізді майдандарда
Тәрбиелеп өсірді
Бізде болған ескішілдік
Әдеттерді өшірді
Сен де, мен де комсомолда
Тәрбие алып шыққан ек.
Бізге үйреткен ақылдарың
Әр уақытта ұққан ек.
Сен мінеки комсомолдың
Басшысының бірісің.
Ал мен - дағы күресемін
Жастықтың шындық жыры үшін.
Сен де, біз де құрылыста
Қолда күрес маңдағы.
Қиып жанды бергендіктен
Теңестірілді солдаты.
Қызыл тулы отрядты
Сен бе, жолдас, бастаған,
Сен бе, жолдас, қиындықтан
Большевикше қашпаған.
Сен бе, жолдас, екеніңді
Керілуді тастаған.
Партия айтқан нұсқаулардан
Қия қадам баспаған.
Облыстың майданында
Тізгінін нық ұстайсың.
Әр ұяға, комсомолға
Жеңу жолын нұсқайсың.
Сен басқарып отрядты
Іс түйінін шешесің.
Партия ісін орындауда
Тас басып, су кемесін.
Комсомолдың арасында
Тап жауларын қуасың.
Жаңа өмірге кір жуытпай
Жастықпенен жуасың.
Социалды армияға
Жастың жасын таңдайсың,
Еңбекте баулып өсіресің,
Кадрлерді қамдайсың.
Сен істейсің, ерінбейсің,
Ойланасың, жүресің.
Кездескенде қиыншылық
Тек жымиып күлесің.
Табысқа тағы мастанбайсың,
Қауырт кетіп жүрмейсің
Қандай іске болса - дағы
Даярлықсыз кірмейсің.
Сасып қалу, шорқақтықты
Еш уақытта білмейсің.
Сеніменен көп істеген
Армия істеп атқарған,
Жер байлығын, кең байлығын
Шаттықпенен ақтарған.
... Қаным қызып, тамыр соғады
Құлағың сал, жолдасым.
Бірге, қатар тұрған
Октябрлық құрдасым.
Менен шығып, саған барар
Жүрегімде бір қыл бар.
Сол қылменен жырларымды
Телеграммада қылығым бар.
Алты миллион, 15 жылдап
Айға қарай аттамақ.
Болашаққа - жастар не
Деген атып ақтамақ.
Сол күресте, сол аттауда
Талай-талай кездесем,
Не туралы сөйлесемін
Мен кездескен кезде сен.
Сен айтасың қалайынша
Крепосты алғанды,
Қалайынша партияға
Шын жәрдемің болғанды.
Сен айтасың түсінгенін
Дұшпандарға жай тасың,
Майдандарда озып алған
Ту тарихын айтасың.
Сен айтасың табыстарын
Ынталарын жастардың,
Сен айтасың қалайынша
Сол ынтаны басқардың.
Ал мен тағы сол жастарды
«Шындықпенен көрсетем»
Деген қызық әңгімемен
Сөйлесуге серт етем.
Бірінші күн - ұлы күн
Даңқы шыққан әлемге.
Екінші рет Қызыл тулы
Жастарына сәлем де.

1933



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір туралы рапорт

  • 0
  • 0

Сонда гудок айқайлайды баса-көктеп өмірді
Қабыл алып, күні бойы, біздер қазған көмірді
Сонда гудок айқайлайды, баса-көктеп лаваны,
Біздіңше, ол: жүз қырықтың орындалған хабары,

Толық

Үш шахтер туралы баллада

  • 0
  • 0

Табыс келіп орын алды өмірінен лаваның
Үшеу отыр әңгіме қып қуанышын табының,
Біреуі айтады:
─ Жер астында, жер бетінде атақты

Толық

Тракторшы комсомолдың жыры

  • 0
  • 0

Айт жануар! Сом темірлі,
Шойын дене тұлпарым.
Поршен - жүрек, блок
Тозбас темір ұлтанын,

Толық

Қарап көріңіз