Жылқы ауылда қысқы түн – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жылқы ауылда қысқы түн» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3463
Қара жерге қар әбден басқан бауыр,
Бұлт торлап тұр әлі де аспанды ауыр.
Атқораның ығында мен отырмын,
Тілеп таңда боранның басталмауын.
Әудем жерде тоңып тұр шоқы — ғаріп.
Апам жатыр сенектен отын алып.
Айыршөке бастырған ақ жабулы
Ақбоз атым қатады үн оқыранып.
Жылқы бағу, жыр жазу — қиын жұмыс,
Аяқ бір іс бастайды,
Миым бір іс.
Биылғы қыс — ақбоз бен екеумізге
Шалғай шабыс сыйлап тұр,
Қиыр жүріс.
Дәлу түні сыңсытып шыны-қарын,
Жатыр жырлап кәрі қыр ғұмыр-әнін.
Таңын тартқан тұлпардың тұяғының,
Әлдеғайдан жетеді ұлыған үн.
Таң тезірек атса екен,
Аттанды сап,
Оятатын қалғыған шатқалды сәт.
...Қар-бұлттардың астында ай жатыр-ау,
Қасқырларға құрылған қақпан құсап... 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқы ауылда қысқы түн өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жылқы ауылда қысқы түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқы ауылда қысқы түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқы ауылда қысқы түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері