Өлекселер патшалығы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Өлекселер патшалығы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1710
Фариза Оңғарсынқызына

Көзіңнің күн тамады шарасынан,
Сөзіңнің қан тамады жарасынан.
Сау шыққан аздың бірі сенсің, апа,
Қаптаған өлекселер арасынан.
Үй тігіп қарлы тауға өлең ексең,
Қитығып көзге ұрғасын сен ерекше,
Тұрады көз қайрасып, сөз байласып,
Қоспақ боп қатарына көп өлексе.
Сіңірген тұл бойына жат шалығын,
Олардың кесіп қойған ақша құнын.
Хақ сүйген адам ғана аман өтпек,
Қақ жарып өлекселер патшалығын.
Сүреді өлекселер абат өмір,
Тірегі бауға оранған жанат өңір.
Халықты теуіп тыққан тар төлеге,
Жарықты тартып алған Қара Тобыр.
Содан соң шіренеді үкіметше,
Тағынан таяды олар шүкір етсе.
Болжалсыз шошымай көр болашақтан,
Табыттар халықтарға үкім етсе.
Білмеймін, артым - аран, алдым көрдей,
Билікті тұр абызға малғұн бермей.
Ғарышқа қол ұсынам, жан ұшырам,
Ішінде өліктердің қалғым келмей,
Жалғанда ақын өлсе - арман сөнер.
Салтанат құрар сосын алдамшы өнер.
Ертіп кет, апа, бақи сапарыңа,
Кеудемде шығар-шықпас жан болса егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлекселер патшалығы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Өлекселер патшалығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлекселер патшалығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлекселер патшалығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері