Қарап тұр!

Бұл бетте «Қарап тұр!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 725
Менiң елiме,
Менiң жерiме –
Бiреулер
Теңiздердiң ар жағынан
Байлығымды басып алғысы кеп,
Кемелерiмен тасып алғысы кеп –
Бәленi басыма! –
Төндiрiп қарап тұр.
Бiреулер
Ормандардың
Жасыл көрпесiнiң астынан –
Алтын сақаға көз тiккен
Мыстан кемпiрдей –
Телмiрiп қарап тұр.
Бiреулер
Даланың ар жағынан –
Сай-салаға бойын жасырып
Санама қарап тұр.
Бiреулер –
Дуалға асылып
Аулаға қараған ұрыдай –
Алатаудың – ар жағынан! – асылып
Далама қарап тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарап тұр! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қарап тұр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарап тұр! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарап тұр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері