Ғасырлардың сонау бір – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Ғасырлардың сонау бір» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 805
Ғасырлардың сонау бір,
Тасасында қалған күн.
Айтайын деп анығын,
Әупірімдеп қармандым.
Жырланбаса шежіре,
Ұмытылар біртіндеп.
Аршымаса құм басып,
Қалатынын аңғардым.
Парызы мен қарызы
Өтелмеген күндер-ай.
Сыбағасы кімге у,
Беріледі кімге май?
Келе жатқан ғасырлар,
Тасқын сынды тас бауыр,
Басатындай барлығын,
Жым-жылас қып құм мен лай.
Шертілмеген жүректің,
Ширығады күйі мың.
Шешкендеймін жанымның,
Шие болған түйінін.
Өткенге де шарам жоқ,
Келерге де шарам жоқ.
Бағындырсам болғаны,
Сұм нәпсімнің биігін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері