Саған

Бұл бетте «Саған» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 613
Жалғыз өзiң бар дертiме дауадай
аппақ нұрын құйып саған ауады ай.
Жеп-жеңiлсiң желпiп соққан самалдай,
жеп-жеңiлсiң тынысымдай, ауадай.
Сенi көрсем ескермей жан азасын,
ұмытамын қатал тағдыр жазасын.
Сылқ-сылқ күлiп ағып жатқан шымырлап
судай мөлдiр,
судай сұлу тазасың.
Шақырсаң сен –
құс болам да ұшамын,
ұмытамын не екенiн құсаның.
Күйдiретiн, жандыратын, өртейтiн
күндей ыстық,
күндей ыстық құшағың.
Жырлатса өмiр –
сенi маған жырлатсын.
Асылымдай, ардағымдай қымбатсың.
Жер сияқты қарапайым кәдiмгi,
жер сияқты қатпар-қатпар жұмбақсың!
Астан-кестен етiп тымық кезiмдi,
ажар бейнең қарып кеттi көзiмдi, –
Су мен Ауа,
Жер менен Күн бiрлесiп
осы қазiр жаратқандай өзiңдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері