Бұл бетте «Анама» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Кенжебайдың әні)
Қызығымды әлі бір тойламаған,
Не күйде жүр екенсің,
Қайран анам?
Ащы-тұщы татыған таңдайыма
Жоқ енді уызың деп ойға қалам...
Нала бассын,
жанымды жара бассын,
Ұлыңа арман қуған жарамас сын.
Ұмытқан кез өзімді болған шығар,
Анашым, сені ұмытсам —
Қара бассын!..
Шөлдеп келед боз құнан тарлан шығар,
Қайдасың, тәңіриям, алдан шығар?
Құшағыңа құлайын уыз тілеп,
Бір тамшы маған деген қалған шығар?!
1983 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі