Майдангерлермен кездесу сәтінен – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Майдангерлермен кездесу сәтінен» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2787
Жеңбесе де сендерді қанша сынақ,
Жағылса да сендерге барша шырақ;
Әлі шошып оянып жүрсіңдер ме,
Көздеріңнен от пенен қан шашырап?!
Көрмесек те төгілген солдат қанын,
Шер - шежіре бетінде қалды аттарың.
Жау жұлынын әлі де мұздатардай
Солқылдатқан көшені балдақтарың.
Бұрын ойлап ошақтан Отан қамын,
Қан кешуден басталған сапарларың.
"Сап түзіңдер!" деп бізге ескертердей,
Селдіреген сендердің қатарларың.
Үні естілсе -
Бұлт болып қатер көшкен
Келеді әлі соғыстың аты өлместен.
Менің де тұр санамда жаңғырығып,
Атам кешкен қан майдан, әкем кешкен.
Біз де жаңа ғасырдың мінбесінде.
Бір барармыз Ертеңмен тілдесуге...
Ерке, шолжаң ұрпағың келеді өсіп,
Сендер аман, жер басып жүргесін бе?
Мініп алып бақидың арбасына,
Жөңкіп бара жатсыңдар алға асыға...
Ерден — ерке,
Еркеден есер туып
Ел иесіз, кім кепіл, қалмасына?!
Жанарларға жарғанат — жат ой сарып,
Жатқызбай ма —
Уайым бақай шағып?
Ұйықтап бара жатырған ұрпағыңды
Оятып кет, тағы бір атой салып!..

09.05.1982 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майдангерлермен кездесу сәтінен өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Майдангерлермен кездесу сәтінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майдангерлермен кездесу сәтінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майдангерлермен кездесу сәтінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері