Тұншығу - 1983 – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тұншығу - 1983» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1453
— Ей-й! һей - һей - һей!..
Жан даусыма бұл әлем
Оянбай ма?
Сап-сап басып сезімді — ой алдай ма?
Көнер ем ғой бәріне —
Аласұрған
Мынау титтей жүректі қоям қайда?!
Шарбағында көзімнің жас қамалып,
Бастап кете береді — басқа бағыт.
Тастап алып Зәһардан,
Ыласқа қанып
Отқа оранып соғылам тасқа барып.
Қамалған жас — у болып құмға тамып,
Тас шарбақта тұлпар жыр тұр маталып.
Жырға таңып шындықты жібере алмай,
Ашық күнде ышқынам — жынды атанып.
Тақа мұндай аранға кім айдаған? —
Тас шарбақтың ішінде шыр айналам.
Тулай алмай тұлданам — зәр кісінеп,
Тұл асаудай езуін шұрайлаған...
Қамап алып жан-жақтан аттан салған,
Құтылар күн бар ма екен батпан сордан?
Қан қақырып шарасыз ырылдаймын,
Қасқыр құсап сирағын қақпан шалған.

Ақтарар күн туар ма жырды шерсіз?
Гүл кешер күн болар ма құмды-шөлсіз?
Отырғандай тұтқында сезінемін —
Басым бостан болса да,
Тіл кісенсіз.
Дұшпан кезеп сыртымнан,
Дос атардай,
Жұлынардай жырыммен қоса таңдай.
Тыпырлаймын кеудемді босата алмай,
Тірсегінен ат басқан қошақандай...

06.02.1983. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұншығу - 1983 өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тұншығу - 1983 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұншығу - 1983 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұншығу - 1983 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері