Өмір сүрейік алмасып
Бұл бетте «Өмір сүрейік алмасып» атты Мұқағали Мақатаев жазған өмір туралы өлең берілген.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 18
- 67598
Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым - Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек.
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың -
Құрдасы келер заманның.
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі: семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемін
Тірілер қайта дүруреп.
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық.
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...
күшті
Маған өте қатты ұнады
Нағыз ақын сіздей-ақ болсын ағатай!
қандай керемет , маған ұнады .
Керемет олен
Өте керемет өлең екен мен сүйіп оқыдым
Super
Жаттап жатсындарма?)
Күшті
Керемет ақын
Кеоемет өлең
менің ең жақсы көретін ақыным және менің ең жақсы көретін өлеңім
Керемет олен
КЕРЕМЕТ КУШТЫ
Өте керемет!
Мұқағали Мақатаевтың Өмір сүрейік алмасып атты өлеңі ұнады
Мен мына өлеңдерден Gran pri алып жүрмін!
Керемет Мұқағали Мақатаев болғанда жаза беретін еді
Зор