Сырттан иттің жыры – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Сырттан иттің жыры» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1784
Серік Аксұңқарұлына

Мен деген Сырттан — итпін кәдімгі,
Атымда әуез жоқ онша.
Құйқа құсатып үйттім жанымды,
Қотаннан бір қой жоғалса.
Біреулер ұғып армандарымды
Сынаса — ерлік күт менен —
Тай жеген тағы арландарыңды
Кезім көп екі бүктеген.
Сырттан төбетпін!
Тазының өзін
Белінен қарпып талағам.
Жуынды емес-тін азығым менің,
Арда едім — ардап жалаған.
Мына далаға қорғанын салған
Сан халық куә — сан адам.
Бір кезде бабам жолбарыс алған! —
Сенбейсің, бірақ, сен оған.
Егессем — тісі бармен егестім,
Тістілер, шүкір, молшылық.
Мен деген — итпін!
Қанден емеспін! —
Тышқанмен тектес ол шірік!
Жәдігөй көзін жымияр қысып,
Ойлап ап қарын — жуанын;
Маңыма келсе зымиян мысық,
Тырағайлатып қуамын.
Адамдарды да талап жүрем кіл,
Қадра бас қамын күйттесе —
Иеміз кейде жаман біреуді:
(Мен ұқпайтындай) "ит" десе!
Жүретін ылғи ұрланып көптен
Қаскүнемдерді тапқаймын!
Көп таланғаннан жынданып кеткен
Маскүнемдерді қаппаймын...
Көзім суырып, шаншып құлағым
Бір нәрсе жанды жеп кетед.
Сәтті күн мен де қаншық қуамын,
Қалады шулап көп көпек.
Сорлымын —
Өзің қор санап өлер —
Ұлимын! —
Айға телмірем.
Жер сілкінетін болса да егер,
Алдымен елдің мен білем!
Темір ғасырға тірі жеткізді,
Тәубе айтам соған қыңсылап.
"Жеті қазынаның" бірі деп бізді
Әспеттеп жатыр кім, сірә!..

Қорғап - ақ едік үріп даланы,
Талмап - ақ тістің тұқылын...
Әулетім менің ұлып барады,
Құрып барады тұқымым.
Әр үйде құлып — қарауыл бір-бір,
Жұмыссыз қалған пақырмын.
Жат иіс сезіп танауым құрғыр,
Ырылдап тағы жатырмын...
Көрмесе де әлі тегім азат боп,
Кешемін ғұмыр арланша! —
Өз қорам бір күн өзіме жат боп,
Далада қаңғып қалғанша!..

01.06.1985. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырттан иттің жыры өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Сырттан иттің жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырттан иттің жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырттан иттің жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері