У татқан

Бұл бетте «У татқан» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1229
Қирады көңіл биігім —
Дос таппай байтақ шаһардан.
Басуға қыздың күйігін,
Таттым мен алғаш заһардан.
Құлағым құрбым сөзінде,
Қиялым құрдым қиянда.
Зәр қосып удай сезімге
Ұрынып тұрдым Зиянға...
Өтінде желдің сарнаған,
Жүргендей едім тоң ойып.
Жаңағы құрсау тар ғалам
Кеткендей кенет кеңейіп.
Жерімес болдым һарамнан,
Өтетіндеймін аттап паң—
Талайлар түскен араннан,
Талайлар кешкен батпақтан.
Жылынып демі мұз қала
Тұрғаным есте — дейік те.
Қарамай кеткен қызға да
Қыр көрсетердей кейіпте.
Қайтемін кінә көп іздеп,
Қосылып кеттім қапыда:
"Қыз бенен Шарап егіз!" —деп,
Қышқыратындар сапына. 
Ыза мен кекке орандым,
Ұйтқыды бойда ылаң-ән.
Алдына түпсіз аранның
Жол бастап келді бұралаң.
Кетпейді естен қара күн —
(Буыршын құсап жараппын.)
Алғашқы ішкен шарабым,
Алғашқы түскен Абақтым.
Мошқай бер, данам, Күл, надан! —
Мен де бір шындық айтам-ау:
"Алғашқы қадам — шын қадам,
Қалғанның бәрі — қайталау!.."
Періште-жырды жын жұтты,
Аршыдым қыздан басты мен...
Қайталап — жалғыз Шындықты
Өледі Барлық Маскүнем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

У татқан өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

У татқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

У татқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

У татқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері