Бұл бетте «Гүл мен бұлбұл» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құмыр бұлбұл гүлді жырлап бақтағы,
Көмекейін күміспенен қақтады.
Әнге айналды ғұншагүлдің — әппағы,
Гүл қауызы — ғашықтардың қақпаны.
Жұрт таң қалды балға малып бармағын. —
Айтты бұлбұл ақындардың арманын;
Мөлт тамшының сол қауызға бөленген
Нәзік гүлді майыстырған салмағын.
Қайыл қалып: неткен жыр, — деп, — неткен үн! —
Күллі маңай мақтау айтты теп - тегін.
Бірақ бұлбұл білмеп еді,
Сол гүлге
Бір төбеттің түнде сарып кеткенін ...
1987 ж.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі