Шерғала - шер

Бұл бетте «Шерғала - шер» атты Светқали Нұржан жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3062
Шерғала!
Уа, шерменде шерлі қала,
Аршылан бұзып шыққан торды жаңа.
Қымтама құпияңды тырнағыңмен,
Есімді жиған кезде енді ғана!
Есімді енді жиып келіп тұрмын,
Қақталып әуіріне көрік құмның.
Дүниеде биіктік бар деген сөзді,
Шерғала, ең әуелі сен ұқтырдың.
Қанаты сымпылдаған көк үйрек түн,
Жеткенде осы жерге кемиді екпін.
Жалғанда сұлулық бар- дегенді де,
Епсіздеу ерініме сен үйреттің.
Жиып ап тас жасынды шұбар,
Тұран, Маңыңнан айықпайды мұнар, тұман.
Соншама сұсты, қатал тұрпатыңнан,
Тұрады жұпар борап мұң аңқыған.
Қайрайды қанжарымды қайрақ - құмың,
Шайнайды айбарымды айбатты үнің.
Жатырсың Қаратаудың киесіндей,
Жалған мен ортасында Айрақтының.
Шері бар арыстандай Шерғаламның,
Әруақты қақпасы едің кер даламның.
Көзіңнен тұтап ұшқын кей түндері,
Жатады даусы естіліп Ер Бабамның.
Жалпақтан басып өткен Жалғаншыңды,
Шерғалам тауда жортқан тарлан сынды.
Ерте алмай қатарына қалған шыңды,
Ызадан тас боп қатып қалған сынды!
Керіліп жата бермей көрік боп сен,
Мұзтаудан бөлінгендей ерігі көп сең.
Бір күні Жаббар Құдай жарлық қылып,
Ақыра қарғып тұрып желіп кетсең,
Арман не, сонда артыңа еріп кетсем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шерғала - шер өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Шерғала - шер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шерғала - шер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шерғала - шер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері