Жартас пен теңіз – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жартас пен теңіз» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1747
Жел тірілсе - теңізің де тентек қой,
Тұлан ашу тыншытпай ма өртеп бой?
Тауға шауып,
Толқындарын жентектей,
Былш-былш ұрып жатырса да бетіне,
Кәрі жартас жымияды селт етпей.
Жымияды ...
Одан сайын көк теңіз,
Өкіреді.
Ашуында жоқ негіз.
Долы ызадан күн батарда қан сиіп,
Жібереді, теңіз көзі Отқа егіз.
Өкпесі бар кітап дерсің тысына,
Сатырлайды парақтарын ұшыра.
Ал Жартаста түк кінә жоқ,
Теңіздің,
Пана болып тұр демесең құсына.
Кейде ызадан толқын біткен от алып,
Жүгіреді,
Жығылады не талып.
Жынданып кеп жармасады Жартасқа,
Түбірімен тастамақ боп қопарып.
Толқындардың тасқа шауып қаһары,
Жағалауда тәмәмдалмақ сапары.
Бәрінен де - Ұлы Теңіз алдында,
Құрақ ұшпай жымиғаны батады.
Жартас, бейне, тарпаң теңіз қазығы,
Бар сынды бір ішке бүккен әзілі.
Кеше тағы көріп едім, езуде
Сәл тереңдей түсіпті тек әжімі. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жартас пен теңіз өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жартас пен теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жартас пен теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жартас пен теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері