Көп хақында мысқал сөз
Бұл бетте «Көп хақында мысқал сөз» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
"Көмусіз қалар көпті қарғаған", —
дегеннің қандай бар мәні? —
Көздерін сатып боқты қарғаға
Құлшылық қылу арманы.
Заман отына — азалы өртенбек,
Күл болып барам мың өрттен.
Көрімді солар қазады ертең деп,
Құл болып Кепке күнелтпен.
Тігемін мүлде қосымды бөлек" —
Дегенмін бірде серт етіп...
Ойыным неге осылды кенет,
Кезімнің жасы мөлт етіп?
Осыным, тегі, болды-ау асылық? —
Кәріне ұшырап Иенің;
Жіберді мені мәрғау асырып,
Шашылып қалды сүйегім.
Бұтақ, діңімнен жапырақ қашып,
Сояу боп тынды тамырым.
Нем бар ед Көпке топырақ шашып,
Тыңдай да бермей әмірін?!
Демеспін енді: "Көптен ажыра". —
Қырына ілінген оңбайды.
Жүрмейді Көпке — өкпе, базына,
Қалжыңдауға да болмайды.
Білем: Мекен ғып қорым-орпаны,
Аяқталғанда сапарың —
Жабыла көміп, соңынан тағы
Көп болып жоқтап жатарын.
Дұға бағыштап күнде бір ерге,
Шығарады-ай Көп — сұмдық үн.
Иреңдеп келіп, інге кірерде
Түзелген жылан сындымын...
Кірген соң інге —
қасымнан ағып Ішіне сіңер тұманның.
Шырақ боп қалар басымда жанып:
Көз жасым — уы жыланның!..
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі