Жыршы ағаның тойындағы «Топ тарқатар жыр» –
Светқали Нұржан
Бұл бетте «Жыршы ағаның тойындағы «Топ тарқатар жыр»» атты Светқали Нұржан жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жатқанда таңғы ұйқыда талаурап қыр,
Талықсып жасын сықты алаурап гүл...
Менің де алай-дүлей көкірегімде
Сен айтқан ән-жыр кетті бабаурап бір.
Ақбоз үй сәуле сауып белестегі,
Балқиды сары майдай тегештегі.
Жатады көшіп менің көз алдымнан,
Өткеннің енді оралмас Елестері.
Жыр-күйді сен отырсаң қатар өріп,
Марқаяр оқ жонтан ұл ата көріп.
Аралбай, Абыш, Ақтан, қарт Қашаған
Тұрғандай Сәттіғұлға бата беріп.
Тарихта мен ашпаған парақ бардай,
Кеудеңді құмар қанбас сан ақтармай. –
Қайыптар Ақбөбекке қолын бұлғап,
Қалнияз Ауған ауып баратқандай.
Бекеттің бел жайлауын ел жайларда,
Сап салып көңілдегі көп жайларға,
Қаланың қапасынан —
Әніңе еріп,
Кетеді көшкім келіп Қолғайнарға.
Ән тынбас аспаным бар — ел есенде,
Сарқылмас дастаным бар — Сен есенде...
"Тоя алмай Қыземшектің қызығына,
Қайтсақ қой қайта барып Көгесемге..."
Кербез күй, сырбаз әуен, өлеңі асқақ —
Үркітер көп қайықты кеме жасқап.
Көзіме көрінесің кейде менің,
Ақбас нар келатқандай келе бастап...
Алты Алаш, Әлім, Табын, салқам Адай —
Жиылсын — жайсаң іні, дархан ағай.
Мұралық беріп сенің, аға, бүгін,
Құралың қарағұрым тарқамағай!..
Алаштан озбасақ та би атанып,
Сыр айттық ақ қағазға — сия тамып.
...Өткен шақ — мен көрмеген Ертегі еді,
Жүре бер Ертегіме жиі апарып...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі