Ғайып - ғашық – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ғайып - ғашық» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2105
Нұр болып енесің,
Көрінсе Елесің —
Түсемін патшалық тағымнан.
Жүректі оқ табар,
Жаныма от тамар —
Көзінде мөлт еткен Лағылдан.
Алыстап арамыз,
Қол бұлғап қаламыз. —
Жанбысың жаралған Сағымнан?..
Жапанда жалғыз тал
Бұлбұлға салғызды Ән. —
Ол — менмін өзіңді сағынған.
Қайырмасы:
Шақтарда наладан айыққан,
Сен пайда боласың ғайыптан.
Тәтті Елесің —
Тербейді Арманның Ақ Кемесін!
Басылмай Аңсарым,
Төгіліп моншағым—
Араны әніммен жалғаймын.
Бұйырмас бақытым,
Шыға алмас Тақытым! —
Сыйладың сен маған Балдай Мұң.
Қарсы алып тандарды,
Арқалап арманды
Ақ балғын білегі талды Айдың.
Көзімнен ағатын,
Таңдайға таматын
Жұлдызды ғана мен талмаймын...
Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері