Қазақ тілі

Бұл бетте «Қазақ тілі» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 2
  • 12925
Қазақ тілі – ана тілім,
Көне тілім, жаңа тілім.
Ұрпақтардан ұрпақтарға
Мұра болып қалатұғын.

Абай тілі, Сəкен тілі,
Бабам тілі, əкем тілі,
Сені сыйлап, қастерлеумен
Мұратыма жетем түбі.

Халқымыздың азаттығы,
Салтымыздың ғажаптығы,
Жасай берер, жайнай берер,
Өзің барда, Қазақ тілі!


Пікірлер (2)

Аяжан.Н

Мен бұл өлеңді ашық сабаққа
Аитамын

Айбек.Т

Мен бұл өлеңді сол ұлықбек естеулетовтың сақынасына айтам

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ тілі өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Қазақ тілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ тілі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақ тілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері