Өлең, жыр, ақындар

Жетінші түйсік

Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.

Ойың мен ісің — жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау, бір туар махаббатпенен.

Алдану, сірә, түк емес бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ, қана.
Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап
Бастысы — сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ,?

Махаббат — қайсар заңғар шын, кез келген өрлей алмаған
Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.

Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма?
Miне, бұл — басты мәселе.
Не бермек тәннің одағы?
Жаныңа жаны қосылмау
Бұл — нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген — ашылмау!

Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз.

Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп
Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

"Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.
Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді-өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.



Пікірлер (10)

////////////////Рахима

Өте күшті тақпақтар !Рахмет сізге!

Куралай Бакытжановна

сыздын сайтыныз оте керемет озыме керектынын барын алып журмын озым Дарын мектебынде окимын акын жазушыларын дын олендеры кейбыр кытаптарда жок сондыктан сыздын сайттан караймын онерыныз орге бассын Алла Тагала сызды колдап жебеп журсын

7777

пыкырынызды жазыныз

муха

оте жаксв

Мадина

Керемет коп коп рахмет

Акмарал

Мухтар агамыз керемет адам!!! Арбир жазган олендери журекке жетеди. Турашыл, шыншыл адам. Сол себептен кей адамдарга жакпайды. Мухтар агамнын ар айткан сози акикат...

Бекберді Мырзабек Аманбайұлы

Алла Тағала біздің ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ Мұхтар Шахан ағамыздай ақынды ақын еткен ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА мың алғыс!!!
Құрметті Мұхтар аға!!! Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, екі дүниенің бақытын тілеймін!
Ізгі ниетпен, Бекберді Мырзабек Аманбайұлы +7 747 822 50 33, +7 777 078 73 86

Роза

Мұхтар Шахановтың Жетінші түйсік өлеңі ұнады

Мейрамбек

Кітапханың 5 ші шығарылымында естіп едім. Керемет өлең

Бесінбай

Не деген қисынды өлең шумақтары, керемет.

Пікір қалдырыңыз

Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан

  • 2
  • 28

Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау

Толық

Достық пен махаббат

  • 0
  • 2

Өзендер мен көлдердің,
Көлден шалғай шөлдердің,
Биіктер мен алыптардың,
Жылулар мен жарықтардың арасын

Толық

Наурыз парасаты

  • 0
  • 0

Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!

Толық

Қарап көріңіз