Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді

Бұл бетте «Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2127
Тұлғасы зор,
Еңселі,
Іске мығым, белсенді
Азаматты
Жұрт мақтап,
«Есті жігіт» деседі.

Қақ-соқта жоқ шатағы,
Сыйлас тұстас қатары
Азаматты
Дүйім ел
«Көргенді» деп жатады.

Сенім, міндет артылар,
Бұл сөздің өз шарты бар:
Меніңше,
Естіп, көргені,
Көп адамға ол айтылар.

Күтер алдан төр мені,
Риза болар ел де өзі.
Есті әрі көргенді
Жігіт болам мен енді.

Төңірекке қызығам,
Естіп, көріп сыр ұғам:
Жұртқа жасап жақсылық,
Алғыспенен жылынам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтепберген Ақыпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері