Бұршақта – Асқаржан Сәрсеков

Бұл бетте «Бұршақта» атты Асқаржан Сәрсеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1742
Жауды бұршақ тасырлап,
Шатырлардан секірді.
Тойға келген асыр сап
Бір топ бала секілді.

Өңкей майда мұз моншақ,
Аппақ-аппақ, қап-қатты.
Мәз-мейрамбыз біз болсақ
Жауғандай бір ақ тәтті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері