Бұл бетте «Әкеде әке бола ма?» атты Нағашыбай Мұқатов жазған әке туралы өлең берілген.
Ішің бәрін сезеді,
Ілгеріні кезеді.
Томпаңдаған қызымның
Төрт жастағы кезі еді.
Нәрлі сөзге тоқталдық,
Әңгімеге көп қандық.
Әкем келіп ауылдан,
Мәре-сәре боп қалдық.
Жайшылықта жүгіретін,
Жеткіншек отыр күліп еркін,
Салды атасы әп-сәтте
Сұлу жылқы суретін.
Шыбығындай көк талдың,
Ұшқынындай оттардың.
Бөбегіме жай ғана,
«Әкем ғой менің» деп қалдым.
Мейман жетсе қонаға,
Мейірбан шуақ ол ара.
Қызым айтты қиналмай:
– Әкеде әке бола ма?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі