Немере
Бұл бетте «Немере» атты Нағашыбай Мұқатов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Биіктегі күнім бе,
Бау ішінде гүлім бе,
Санжар атты немере
Бірге толды бүгінде.
Түр-түсі де өзгерді,
Күлкісі де өзгерді,
Қартайған ата-әжеге
Қызық бар ма өзге енді.
Қылығы да сүйкімді,
Қозғалысы да сүйкімді,
Тәттілігін сезген соң
Тіпті ұмыттым ұйқымды.
Қуаныш нұры тараған,
Көзі күлімдеп қараған,
Нағыз бақыт иесі –
Немересі бар адам.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі