Бұл бетте «Жауынгер» атты Нағашыбай Мұқатов жазған соғыс туралы өлең берілген.
Жайға қарап жатпайын,
Жақсы ойыншығын мақтайын,
Тікұшағы тұр, әне,
Ұшағы да дап-дайын.
Басталардай аттаныс,
Бірігіп бәрі жатқан іс,
Пулеметі күшті ғой,
Танкісі де тап-таныс.
Күш, қуатын әлі ұғар,
Қызығына тән қанығар,
Автоматын алмақшы,
Пистолеті тағы бар.
Сәнді түзеп қатарды,
Сапқа тұруға тақалды,
Шын сарбаздан айнымай,
Шекеге қолын апарды.
Озғанын-ай атының
Ортада отыр батырың,
Жігітпін деп жауынгер
Жымияды ақырын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі