Бәрі әлдиден басталсын
Бұл бетте «Бәрі әлдиден басталсын» атты Нұрхан Жанаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тіл үйрету бөбекке,
Басталады әлдиден.
Тіл үйрету керек пе,
Шығар тілі әлдимен.
«Әлди, әлди, бөбегім! –
Әліппесі тіліңнің.
«Әлди, әлди, бөбегім! –
Бастауы үлкен білімнің.
«Әлди, әлди, бөбегім!» –
Болсын бесік өлеңің.
Сол әуенің, өлеңің,
Желкілдетер желегін.
«Ана» сөзін айтқаны –
Танығаны тілін де.
Өзін-өзі тапқаны,
Саулық тіле гүліңе.
«Ата» сөзін айтқаны –
Жігіт болдым дегені.
Жасыл желек бақтағы:
«Жеміс пісті» дегені.
Тіл үйрету бөбекке,
От басынан басталсын.
Балабақша, мектепте
Одан әрі жалғассын.
Сонда ғана елінің,
Сонда ғана жерінің
Болар азаматы үлкен –
Биіктен айтар өз үнін!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі