Жазу мен жану – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жазу мен жану» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3224
Қарындашқа жолығып,
Шырақ айтты бірде кеп:
– Тұрмын көріп торығып,
Таусылыпсың мүлде, – деп.

Кереқарыс кезіңде,
Көрген едім жасыңда.
Бір тұтам боп өзің де
Қартайыпсың, расында.

Деді сонда қарындаш:
– Жаза-жаза қартайдым.
Сен де маған қарайлас
Болыпсың ғой, айтарым.

Таусылыпсың дедің ғой,
Таусылыпсың өзің де.
Сен де мендей едің ғой,
Сонау жылдар кезінде...

Шер тарқатты досына:
– Жанып бітсең сен дағы,
Өмір деген осы да,
Жазып біттім мен дағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазу мен жану өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жазу мен жану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазу мен жану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазу мен жану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері