Іштей сыр шертем мен – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Іштей сыр шертем мен» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Жүрекке өртенген,
Бір өпкен дару ма?
Іштей сыр шертем мен,
Қасымда аруға.
Бұрымын өремін,
Көтерем еңсені.
Тұтыға беремін:
«Мен сені...
Мен сені...
Мен сені...».
Бақытым аңсаған,
Жанымда ай маңдай.
«Мен саған...
Мен саған...
Мен саған...»
Қойдым-ау айта алмай.
Кешті бір өткізем,
Тұра алман. Онсыз ба?
Қалай сыр жеткізем,
Сол қызға,
Сол қызға,
Сол қызға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері