Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім
- 0
- 0
Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім,
Дүние жанарынан нұр көргенім.
Көп ойлар сайрап жатыр көкейімде,
Көбіне көзім жетіп үлгермедім.
Бұл бетте «Құлшылық ет...!!!» атты АҚМАРАЛ ЖАУТИКОВА жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім,
Дүние жанарынан нұр көргенім.
Көп ойлар сайрап жатыр көкейімде,
Көбіне көзім жетіп үлгермедім.
Айнала желі ұйытқып,
Шаншыла көкке тиіп тік.
Толғанға қарап тұр Машук —
Лермонтов шыққан биіктік.
Бұрылып көкке қарадық,
Жақындап екі аралық.
Келеді көшіп тау жаққа
Эльбрус жақтан қара бұлт.
Аспанменен астасқан баурайың көк,
Баурайыңды жырыммен баурайын деп,
Қарт Каспий, сені іздеп, келдім саған,
Құшағыңда балаңдай аунайын деп.
Адамға артық байлық — әурешілік,
Қызығын көре алмассың дәурен сүріп.
Тіршіліктің қызығы сағынышта,
Сағынышты ғұмырдың сәулесі — үміт.
роза
керемет табыс тілеймін.
Айнұр
Өнерің өрлей берсін
Айнұр
Биік шыңдардан көріне бер
Айсана
Әріптер үлкен болып жазылса оқу ыңғайсыз және әдемі көрәнбейді екен
Mira_Sembay
Өлең деген ұйқасымен өлең емес пе? Бәлкім мұны өлең емес, қарасөзбен жазу керек шығар. Егер ақындыққа ден қойсаңыз, ақындардың өлеңдерін көбірек оқығаныңыз жөн болар. Сонда әдемі өлең жазуға тәжірибе жинап, машықтанасыз.